Өңірде 1 сыныпқа құжат қабылдау 10 маусымда басталады
Елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған. Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өңірімізде құжат қабылдау 10 маусымда басталып, 31-тамызға дейін жалғасады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқыту құқығы толық сақталады және құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Құжаттарды электрондық үкімет порталы немесе тікелей білім беру ұйымына барып тапсыруға болады. Биыл өңіріміздегі білім беру ұйымдарына 20 234 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Оның 12 467 оқушы - қала мектептерін және 7 767 оқушы - облыс аудандарына қабылданатын болады.Количество показов: 12
Дата создания: 02.04.2026 06:22:02



















