Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды
Сессия бір минуттық үнсіздікпен басталды. Жиынға қатысушылар Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Еске алу шарасынан соң облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. Осы кезеңде облысқа 720 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Биыл жалпы құны 155 миллиард теңгеден асатын 10 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығына биыл 16 жарым миллиард теңге бөлінген. "Кең дала-2" бағдарламасы арқылы 67 шаруашылыққа 8 миллиард теңге несие берілген. Ал жол инфрақұрылымына 35 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталған. Бұл қаржыға 95 жоба жүзеге асырылады. 297 шақырым жол жөнделмек. Сегіз айда 522 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Әлеуметтік салада жыл басынан бері 11 жаңа мектеп пайдалануға берілді. "Келешек мектептері" жобасы аясында 11 мың 400 оқушыға арналған 14 мектептің құрылысы аяқталған. Жәнеде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда. Есет батыр шағын ауданында 845 пәтерге арналған төрт үйдің құрылысы аяқталды. Қалада су, кәріз және газдандыру бағытындағы бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.Количество показов: 17
Дата создания: 26.09.2026 09:22:57



















