Өңірімізде Абай Құнанбаевтың туған күні аталып өтті
Бүгін елімізде Абай күні тойланып жатыр. Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдары өмір сүрген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған. Өңірде атаулы датаға орай түрлі мәдени және әдеби шаралар ұйымдастырылды. 10 тамыз - Абай Құнанбаевтың туған күні. Бүгін Абай даңғылында Абай күніне арналған «Абай - дана, Абай - дара қазақта» әдеби алаңы өтті. Шара ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды. Әдеби шарада облыс басшысы құттықтау сөз сөйлеп, Абай мұрасының рухани маңызына тоқталып, ұйымдастырылған шараны аралады. Іс-шара бір мезгілде бірнеше әдеби-танымдық алаңда жалғасты. Әдеби алаңда «Абай мұрасы - халық қазынасы» инсталляциялық кітап көрмесі мен «QR-кодты сканерле - Абайды оқы!» QR-көрмесі ұсынылады. «Абай мұрасы - мәңгілік мұра» әдеби композициясы арқылы ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылық мұрасы насихатталды. Шығармашылық алаңда «Абай мұрасы - мәңгілік өнеге» көрме экспозициясы, Абайға арналған авторлық шығармаларды оқу, поэзия батлы, ақын әндерін орындау және оның өмірі мен шығармашылығына арналған Quiz-марафон өткізілді. «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері батырлар жыры мен терме-толғауларды жырлады. Шабыт алаңында жастар арасында «Қара сөздің құдыреті -ұлт рухының биігі» жастар арасында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар қаладағы LED - экрандар арқылы жасанды интеллект көмегімен Абайдын қара сөздері дыбысталып, келушілерге ұсынылды. Жастар Абайдың өлеңін оқып жарысты. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Абай күніне арналған мерекелік бағдарлама ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және қазақ әдебиетіне деген құрметті нығайтуға бағытталды.Количество показов: 13
Дата создания: 11.08.2026 08:35:57



















