Өңірімізде Абай есімді 11- бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр
Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының туғанына-180 жыл. Жыл сайын 10 тамызда Абай күнін атап өту елімізде дәстүрге айналған. Ерекше тоқталып өтетін жағдай, ақынмен аттас бүлдіршіндер саны артып келеді. Перзентіне болмысы биік Абайдай білімді, ақын, ағартушы, ізденімпаз болсын деген мақсатта Абай есімін берушілер көп. Сонымен қатар өңіріміздің мектеп және колледждерінде Абай есімді 50 педагог еңбек етуде. Бұл – жай ғана сәйкестік емес. Бұл – есім мен тағдыр арасындағы үндестік. Ұлы ойшылдың атын иеленген ұстаздар – руханият пен білім саласында ел болашағын тәрбиелеп жүрген жандар,-дейді басқармадағылар. Абай есімді мұғалімдер түрлі пәндер бойынша сабақ беріп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде. Олар өз ісіне жауапты, кәсіби білікті, ел болашағына жанашыр ұстаздар қатарынан көрініп келеді дегенді де атап өтті.Количество показов: 12
Дата создания: 07.08.2025 09:52:58