Өңірімізде 9 100 орындық 12 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 11 400 балаға шақталған 14 білім ошағын салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде екеуінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.Оның бірі «Есет батыр» тұрғын алабында. 2000 орындық білім ордасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, түрлі жастағы оқушыларға бейімделген.Өңірімізде 9 100 орындық тағы 12 мектептің құрылысы жүріп жатыр.Қыркүйек айына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс. Олардың қатарында -"Саяжай" тұрғын алабындағы 300 орындық мектеп пен Сарыжар ауылындағы білім нысаны бар. Қалғандары жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Жергілікті бюджет есебінен бой көтеретін бұл нысандар үш аусымды мектептердің мәселесін шешуі тиіс. Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалмақ.
Количество показов: 46
Дата создания: 20.06.2025 09:38:09