Өңіріміз 11 400 орынға арналған 14 мектеппен толығады
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында өңіріміз 11 400 орынға арналған 14 мектеппен толығады. Десе де, 7 білім ордасы жаңа оқу жылына берілуі тиіс. Ал 6 білім мекемесінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Тағы біреуінің құрылысы келесі жылға қалады. Бүгінде 2300 орындық екі білім ордасы пайдалануға беріліп, 2190 оқушы қабылданған. Жаңа оқу жылында тағы 4 мектеп есігін айқара ашпақ. Саяжай-1 тұрғын алабындағы 300 орындық мектеп заманауи үлгіде әрі қазақы нақышта салынып жатыр. 1 қыркүйекте мұнда алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар мектеп табалдырығын аттайды. Құрылыс қарқынды жүргізілуде. Алайда, нысанды аралау барысында Қазыбек Әлішев химия сыныбына қатысты ескерту жасады. Халық қалаулысы ауа сорғыш құрылғыларының жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына тікелей әсер ететін маңызды жайт. Әр оқу жылы басталарда бала саны көбейеді. Оқушылар 3 аусымдық мезгілде оқуға мәжбүр. Партия өкілі аймақтағы 403 мектептің үшеуі 3 аусымда білім беретінін тілге тиек етті. Мәселе жылдың соңында шешемін табатынын айтты.Жалпы елімізде "Жайлы мектеп" жобасы бойынша 200 білім ордасының құрылысы басталды. Оның ішінде 105 мектептің құрылысы аяқталған. Өңірдегі жаңадан салынып жатқан білім ордалары заманауи үлгіде, заман талабына сай. Жайлы мектептер облыс орталығынында және Темір, Мұғалжар, Мәртөк аудандарында бой көтеруде.
Количество показов: 26
Дата создания: 10.07.2025 07:42:18