«Қоғамдық көлік керек!»
Қисық өзен маңындағы саяжай алабында қазір бірнеше ондаған отбасы тұрады. Олардың басты мәселесі – қоғамдық көліктің жетіспеушілігі. Тұрғындардың айтуынша, автобус бұл жаққа тек мамырдан қазан айына дейін ғана қатынайды. Қыс түсе салысымен, қатынас үзіледі. Ал онсыз да жарық пен жол мәселесі бар тұрғындарға бұл жағдай тіпті қиындық туғызуда. Айтуларынша, тұрғындар бірнеше рет қалалық әкімдікке шағымданған. Алайда нақты жауап ала алмапты. Қисық өзен аумағына кесте бойынша №33 бағыттағы автобус келеді. Алайда ол тек саяжай тұрғындарына арналған және күніне төрт рет қатынайды. Ал қазір саяжайдағылар жыл бойы жүретін тұрақты 40, 47 қоғамдық көліктерді бағыттау туралы өтініш білдірді. Себебі қыста қар көп түсіп, жол қатынасы қиындайды. Мұндай жағдайда, әсіресе, оқушылар мен зейнеткерлерге салмақ түседі. Әзірге әкімдік тарапынан нақты шешім қабылданған жоқ. Ал тұрғындар болса, келесі аптада бұл мәселені қайта көтеріп, тиісті органдарға қайта хат жолдамақ. Қала іргесіндегі елді мекендердің инфрақұрылым мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді. “Қисық өзен" маңын мекендейтін тұрғындардың да үміті — қыс түспей, көлік қатынасы мен жарық мәселесін шешу.Количество показов: 25
Дата создания: 11.10.2025 11:13:58