Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына 100 түп тал егілді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай аймақта түрлі шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі - бүгін "Алақай" қуыршақ театры жанындағы шағын саябақта ұйымдастырылды. 100 адам 100 түп ағаш отырғызды. Ерікті жастар мен сарбаздардың қатысуымен "Тамыры терең - тіршілігі кемел" атты акция өтті. Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы, 302/38 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен еріктілер шағын саябақты көгалдандырды. Жастардың табиғатпен байланысын нығайтып, экологиялық мәселелерді көтеріп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру - басты мақсат дейді ұйымдастырушылар.Мұндай бастамалардығ аймақ экологиясын жақсартуға, жасыл аймақтарды көбейтуге және өскелең ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелейтіні анық. Алда шаһардағы бірнеше шағын саябақтар мен гүлзарлар жастардың көмегімен көгалданатын болады.
Количество показов: 18
Дата создания: 18.04.2025 07:56:13