"Үміт" сәбилер үйіндегі бөбектердің тұсаулары кесілді
Бүгін ерекше мейірім мен қуанышқа толы күн болды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауы кесіліп, олардың алғашқы қадамдарына ақ жол тілеген игі шара өтті. "Үміт" сәбилер үйіндегі бөбектердің тұсаукесер рәсімінің өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы ықпал еткен. Салт-дәстүрді дәріптей отырып, балалардың өміріндегі маңызды сәттерде бірге болуды көздедік, дейді ұйымдастырушылар. Мерекелік шараға тәрбиешілер, демеушілер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Тұсаукесер рәсімі толықтай қазақтың байырғы дәстүріне сай өткізілді. Қоғамда өз орынын тапқан тұлғалар сәбилердің тұсауларын кесті. Әр баланың болашағы жарқын, қадамы нық болсын деген ниетпен жиналған жұрт жүрек жылуын сыйлады. Балаларға арнап әкелген сыйлықтарын табыстады. Бұл күн - үміт пен мейірімнің, қамқорлық пен ізгіліктің көрінісіне айналды. Мұндай шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың қоғам қамқорлығын сезініп өсулеріне мүмкіндік беретіні анық. Ал ұлттық дәстүрмен өрілген қадам ұрпақ санасында мәңгілік із қалдырады.Количество показов: 8
Дата создания: 17.04.2026 06:56:40



















