Құбылмалы ауа-райында тұмау жұқтыру қаупі артады
Қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе алуда. №3 қалалық емхана қоймасына қазан айы басталғалы 5 мың вакцина жеткізіліпті. Сол уақыттан бері 1181 адам екпе алған. Мекеме дерегінше жалпы 11 мың адамды вакцинамен қамту жоспарланған. Тұрғындар вакцинаны тегін түрде алады. Алайда тұмауды белгілі бір нұсқаулықтарға байланысты салуға болмайды. Сондықтан алдымен дәрігердің қарауынан өту маңызды. Екпе салдыруға келген тұрғындар дене қызуы өлшеніп, дәрігердің қарауынан өтеді. Егер тұлғаның қызуы көтеріліп, жедел инфекциялық ауруы болса немесе созылмалы сырқаты асқынған жағдайда, екпе кейінге қалдырылады. Ал жеңіл респираторлық аурудан кейін вакцинация дене қызуы қалыпқа келген соң жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар, екпені алдыңғы дозаға немесе препарат компоненттеріне ауыр аллергиялық реакция болған жағдайда, жасы 6 айға толмаған сәбилерге алуға рұқсат етілмейді. Екпеден кейін кейбір адамдарда инъекция салынған жерде ауырсыну, қызару немесе ісіну байқалуы ықтимал. Сондай-ақ әлсіздік, мазасыздық және дене қызуының аздап көтерілуі мүмкін. Көп жағдайда мұндай реакциялар уақытша болады. Мамандар тұмаудың алдын алу үшін вакцинациямен қатар жеке гигиена талаптарын сақтауға, бөлмені жиі желдетуге және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралуға кеңес береді.Количество показов: 9
Дата создания: 14.10.2026 09:19:38



















