«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Қалада 23-25 қаңтар аралығында "Қауіпсіз жол" шарасы өтеді. Автопатрульдер жалған немесе нөмірсіз жүрген көліктер, құқық бұзушылықтар анықтайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға жол ережесі түсіндіріледі. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының қызметкері мәлімдеді. Бүгін "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы басталды. 2 күнге жалғасады. Автопатрульдер "Қорғау" жүйесінің көмегімен жалған немесе мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушілерді анықтап, жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға алады. Полиция басқармасының жол-техникалық инспекция тобының аға инспекторы тұрғындарға автотұрақтарда, ойын-сауық орталықтарының жанында тағы да басқа қоғамдық орындарда түсіндірме жұмысы жасалатынын айтты. Мамандардың айтуынша, автожолдар да тексерілетін болады. Олардың техникалық жағдайы, жабдықталуы қаралады. Нәтижесінде анықталған кемшіліктермен жол және коммуналдық қызметтер жұмыс жасайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар ретінде көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу, техникалық тексерістен өтпеу, маневр ережерін бұзу, қарсы бағытқа шығу, көлік апатына себеп болу, ішімдік жағдайында айдау оқиғалары саналады. Шара республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында өткізіледі дейді Алмас Жұмабаев.Количество показов: 8
Дата создания: 24.01.2026 08:54:10



















