"Қаржыгерлер" шағын бағы тазаланды
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Қаржыгерлер" шағын бағы тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты - жастар арасында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғауға деген қоғамның назарын аудару және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шараға 60-қа жуық колледж студенттері, орталық мамандары және еріктілер қатысты. Шаһар тазалығының қалыптасуына жүйелі түрде ұйымдастырып, атсалысып жүрген облыстық жастар ресурс орталығы. Бүгін де орталық мамандары колледж студенттермен қосыла "Қаржыгерлер" бағын қоқыстан тазартты. Аталмыш бақпен көп адамдар күніге жүріп өтеді. Одан бөлек орындықтарда демалып отыратын қала тұрғындары да жетерлік. Табиғатымызды қорғау, аялау біздің міндетіміз. Таза Қазақстанның жарқын болашағы үшін қоршаған ортаны тазалықта ұстау да басты міндет. Сондықтан қаламыздың қай жерін болмасын, таза ұстауға шақырамыз,-деді табиғат жанашырлары. Акцияға жастар, волонтерлер, студенттер, орталық мамандарынан құралған 60-қа жуық жас қатысты. Олар саябақтағы күл-қоқысты жинап, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Шара барысында бір тоннаға жуық қоқыс жиналды. Тазалық жұмыстары шаһарда одан әрі қарай жалғасын таба бермек.Количество показов: 23
Дата создания: 01.11.2025 02:09:46



















