Зорлық зомбылық тақырыбына арналған сурет көрмесі ашылды
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!Бүгін осындай ұранмен «Зорлық зомбылықсыз -16 күн» акциясына арналған сурет көрмесі өтті. Көрмеге қаламыздың жас суретшілерінің осы тақырып бойынша жұмыстарынан 50 туынды халық назарына ұсынылды. Көрменің жұмысы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.Ресми ақпараттарға сүйенсек облысымыз бойынша ағымдағы жылы 700ден аса зорлық-зомбылық көрген әйелдер қауымы полиция департаментіне көмекке жүгінген. Қазіргі таңда бұл өзекті мәселе болып тұр.Осы орайда қаламызда "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтіп жатыр.Бүгін акцияның бірінші күні, Өнер орталығында сурет көрмесі ашылды.Аталмыш акцияның мақсаты: елімізде болып жатқан зорлық-зомбылыққа баса назар аудару. Көрмеге қаламыздың жас суретшілерінің осы тақырып бойынша салған 50 жұмысы халықтың назарына ұсынылды. Көрменің жұмысы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.Количество показов: 8
Дата создания: 26.11.2024 06:18:48