"Жылу үшін екі есе артық төлеп отырмыз"
Есет батыр тұрғындар алабы, 1ші мөлтек ауданындағы №63к үйінің тұрғындары жылу үшін төлемақы аспандап кеткенін айтып, налиды. Мәселен, осы айда жылуға 22 мың теңгеге жуық ақы төлеуі тиіс. "Ақтөбе су энерджи групп" мекемесінен түбіртек келген. Бар мәселе - жылу есептегіш құралының тексеріс мерзімінің өтуінде. Енді жаңартып, тексертетін зертхана таппай отыр. Күзде жауапты мекеме хабрламады дейді. Салдарынан жылу маусымы басталғаннан кейін бір білген. Мәселені шешпекке тұрғындар өздері кіріскенімен нәтиже жоқ. Бармаған жер, баспаған таулары қалмаған. Бүгін тұрғындар "Адал қызмет" пәтер иелері кооперативі, әкімдік өкілдерімен кездескен.Тұрғындар тапқанымыз жылу мен суға кетеді деп налиды. Жылу маусымы басталғалы ай сайынғы төлем 15 000 теңгені құраған. Тариф өскеннен кейінгі ақы - 20 мың теңге болыпты. Тіпті, көп соманы уақтылы төлей алмағандықтан соттан қағаз кеп тұр, дейді. Баспаналарын тұрғындар 4,6 жыл бұрын алған. 4 жыл бойы жылу үшін айына 7 мың теңге төлеп келген. Тіпті, есептегіш құралын тексерту үшін зертханаға қажетті 190 мың теңгені де жинап қойған. 3 қабатты үйде 36 пәтер бар. Бүгін келген ПИК пен әкімдік өкілдері ештеңе шешпеген. Керісінше, "Ақтөбе су энерджи групп" АҚ-ына сілтепті. Жылу беруші мекеме өкілінің сөзінше, жылу есептегіш құрал тексерісін тұрғындар мен "Адал қызмет" пәтер иелері кооперативі бірге жүргізуі керек. Оны тек жеке зертханалар ғана жүзеге асырады. Бұған дейін монополист кәсіпорын қайта-қайта түрлі жиын өткізіп, тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтеріне жылу есептегіш құралдарын орнату қажеттігін түсіндіріп келген-ді. Бірақ одан шыққан нәтиже шамалы.
Қазір жылу үшін әр пәтер шаршы метріне 235 теңге төлеп отыр. Ал бұл ауданда жылу есептегіш құралы тексерістен өтпеген әлі 9 тұрғын үй бар.
Количество показов: 243
Дата создания: 11.02.2025 00:31:59