Елеусіз қалған мамандық бойынша еңбек етіп жүргендер марапатталды
Мемлекет басшысы "Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы" - деп атап өтті. Әйел адам қай салада жұмыс істесе де, зор құрметке лайықты.Мемлекет басшысы "біз қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз қажет", деген болатын. Бүгін аймақ басшысының марапатына ие болғандардың бірі "Рика тв" телеарнасының техникалық қызметкері Ақлима Бекмұхамбетова. Ұжымдағы еңбек өтілі 20 жылға жуықтапты. Жұмысқа таңмен таласа келіп, ғимаратты айнадай қылатын апайды бәрі жақсы көреді. Еңбекқор, жауапкершілігі мол қызметкер басшылық тарапынан жыл да марапатталып жүр. Ал бүгін облыс әкімінің салтанатты кешінің қонағы болып, еңбегі еленіп жатқанына дән риза.Шынар Алпысбаева болса-тігінші. Еңбек өтілі 8 жыл екен. Бұрын есепші болды, әлбетте әжем, анам тігінші болғандықтан, жүрегім әрқашан шығармашылықты қалап, жүрегімді тыңдап, тігінші болып кеттім. Қазіргі жұмысым- ол менің сүйікті ісім дейді ол. 5 баланы анасы, 8 немересі бар. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі ерекше. Мемлекет басшысының жарлығымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған болатын. Бүгін әр салада қызмет еткен 70-тен аса нәзік жанды марапатталды.
Количество показов: 146
Дата создания: 08.03.2025 11:54:23