Бау-бақша ұжымының тұрғындары судан қорқып отыр
Былтыр су тасқынының салдарынан облыс аумағын айтпағанда, Ақтөбе қаласындағы біраз үйдің зардап шеккені белгілі. Баспанасы судың астында қалған ақтөбеліктер биыл да қорқып отыр. Былтыр "Эко" баубақша ұжымындағы үйлердің жанынан ағып жатқан өзенінен біраз қорлық көрді. Биылда қауіп қайта төнуі мүмкін, деп дабыл қағуда.Былтыр көктем айларында бұл жерді су басып, едәуір зақым келген еді. Аталмыш аймақтың тұрғындары жауаптылардың өзенінің бойына бөгет салып береміз, деген уәдесін әлі күтіп жүр. Бөгеттің бір бөлігі ақпан айында салынып бітті, ал екінші бөлігіне келгенде іс тоқтап қалған. Себебі- бөгет салатын орында қызыл кітапқа енген ағаштар бар екен.
Жауаптылардың бөгет салып береміз, деп уәде бергеніне бірнеше айдың жүзі болған. Тіпті былтыр Астанадан келген министрдің өзі "келер жылға дейін бөгет салып береміз деген", деп налиды тұрғындар. Бөгеттің ұзындығын 350 метр блоуы тиіс. Тұрғындар судың деңгейі күннен-күнге көтеріліп барады, деп қорқып отыр. Ал, жауаптылардың болса берген уәдесін орындайтын түрлері жоқ. Былтыр Ақтөбеде 1000 нан астам үй суға кетті. Билы да тұрғындар баспанасыз қалып, үйлерді су шайып кетсе кінәні кім арқаламақ, деп үрейленіп отыр. Синоптиктер алдағы аптада аяз бәсеңсиді деген болатын. Қардың еруі де алыс емес. Ал бөгеттің құрылысы қашан басталатынын белгісіз.
Количество показов: 139
Дата создания: 08.03.2025 11:52:06