"Дана әйел-әлемнің әні"
Өнер орталығының үлкен залына шақырылған қонақтар ерен еңбегін ел бағалаған нәзік жандылар, көп балалы аналар, өнер саңлақтары мен қоғам белсенділері. Өңір басшысы жиналғандарға ақ тілегін жаудырып, алғысын білдірді. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау керектігін, отбасы институтын нығайтуды тапсырды. Әйелдер қоғамдық саяси өмірде де белсенді, ер азаматтармен иық тіресіп, өндірістегі қиын мамандықтарды да бағындырып жүр. Ақ халатты абзал жандар, кәсіпкерлер мен білім беру саласының қызметі де нәзік жандылардың мойнында. Қоғам алдындағы әйел еңбегі жоғары бағалануы тиіс, деді өз сөзінде Асхат Шахаров.Ғылым, білім, мәдениет құқық қорғау ауылшаруашылығы саласында да соңғы жылдары әйелдің үлес салмағы артқан. Облыс әкімі бүгінгі салтанатты шарада жұмысшы мамандарына ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Жұмысшы мамандықтарының тізгінен ұстап жүрген бір топ нәзік жандылар да бүгін облыс әкімінің қолынан марапат алды.
Количество показов: 100
Дата создания: 08.03.2025 11:58:05