Мөке Тілеуұлының 350 жылдығына арналған бокстан турнир
Шаршы алаңда жүздескен спортшылар еліміздің әр аймағынан келген. Былғары қолғап киіп, бәсекеге түскендер 12-13 жастағы жасөспірімдер. 4 күндік жарысқа әр өңірден 180 спортшы жиналған. Былғары қолғап шеберлері аудан әкімінің кубогі үшін таласты. Дода Мөңке Тілеуұлының 350 жылдығына орайластырылып отыр. Жарысқа 5 IBA төреші, 5 ұлттық дәрежедегі төреші төрелік етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Шымбергенов Асланбек Әбдікәрімұлы қонақ болды. Жүлделі орындарды Тараз бен Қызылорда облысынан келген қонақтарға бұйырды.Количество показов: 24
Дата создания: 12.03.2025 08:54:06