Әр баланың құқығы бар
Былтыр әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заң қабылданғаны белгілі. Бұл заң 70-тен астам өзгерісті қамтиды, балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Балалардың құқығы басты назарда,-дейді басқармадағылар. Оларды қорғау, көмекті көбейту, әлеуметтік және психологиялық қолдау сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 жылы бала құқықтарын қорғау саласында 3 негізгі заң қабылданды. Соның тағы бірі «Баланың құқықтары туралы» заң. Яғни жетім балалар үшін тәлімгерлік институтын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді. Енді ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Мемлекет басшысының тапсармасын орындау мақсатында өңірде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталық мамандары мектептегі психологиялық қызметтерді әдістемелік сүйемелдеу және балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық және консультациялық көмек көрсету жұмыстары атқаруда. Сонымен қатар өңірдегі 809 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге де мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілудеКоличество показов: 626
Дата создания: 25.01.2025 07:35:22