Қобда ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді
Облысмызда тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Былтырғы жағдай қайталанбауы тиіс. Төтеншеліктер 59 бау-бақша ұжымы мен 1 854 жеке үйге қауіп төнген жағдайда қандай әрекет ету керектігі туралы жадынамалар мен буклеттер таратқан. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өңір басшысы су басу қаупін азайту үшін көшелерді және аула аумақтарын қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу міндеттелді.Қобда ауданының Жиренқопа, Қызылжар, Жарық, Қобда, Иманғали Білтабанов ауылдарында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Шара көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мұз жару жұмыстары 5800 шаршы метр аумақты қамтыды.
Мұндай шара Ақтөбе, Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Ойыл, Қобда және Хромтау аудандарында да жүргізілмек.Ол үшін 22 орын анықталған. Мұз жару жұмыстары қалада және Ойыл, Қобда аудандарында аяқталды.
Количество показов: 23
Дата создания: 12.03.2025 08:51:59