22-қаңтарда Күнде өте сирек кездесетін құбылыс тіркелді
Күн жүйесінде өте сирек кездесетін құбылыс тіркелді. Кеше қара түсті плазманың жарылуы болды. Бұл туралы облыстық планетарий мамандары баяндады. Күн жарылысы кезінде ғарышқа лақтырылған заттар Жердің магнит өрісін бұзады. Магниттік дауылдар түзіледі.Ал, магниттік дауылдар Жер атмосферасына әсер етеді. Бұл күні ұялы телефон байланыстары мен ғарыштық аппараттардың жұмысы да бұзылуы мүмкін. Адам денсаулығына да кері әсері етеді деген болжам бар. Ағза әлсіреп, бас ауырып, жүрек қағысы жиілеп, ұйқы да бұзылады. Мұндай құбылыс 11 жылда бір рет болады.
Количество показов: 385
Дата создания: 24.01.2025 06:59:36