"Картоп жыры" немесе көкөніс жеткілікті ме?
Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері картоптың әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде сауда үстемесін 15%-дан асыруға қатысты 49 заң бұзушылықты анықталды, деп хабарлады Orda.kz. Анықталған барлық фактілер бойынша әкімшілік іс жүргізу шеңберінде тиісті шаралар қабылданады. Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне заңмен белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін асыру бойынша алғаш рет кәсіпкерге ескерту беріледі, кейін 10-нан 300 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Әйтсе де, елімізде картоптың жыры басылар емес. Қазір көкністің орташа бағасы шаһарымызда 420 теңге тұрады. Ал елордада тіпті лимит енгізілген. Астана дүкендері бір адамға 5 келіден артық сатпауы тиіс. Ақтөбеде әзір жағдай тұрақты. Қаланың ірі супермаркеттерінде картоп бағасы 388 тг, әлеуметтік сөредегі баға-116 тг.Картоп-сұранысқа ие әлеуметтік маңызы бар өнім. Халық арасында "Екінші нан" атанып кеткен көкөністі күнде тұтынатындар да бар. Аптасына 6-10 келіге дейін жейміз,-дейтін отбасылар үшін әсіресе қиын. Онсыз да әр маусымда бағасы ауытқып тұратын картоп қолжетімсіз болып барады, деп налиды жұрт. Ал арзан картоптың сапасы көңіл көншітпейді. Арасында жұмсарып немесе шірігендері көп, дейді тұрғындар. Еске салсақ, 2 күн бұрын ғана "Арман" шаруа қожалығының 24 тонна өнімі сауда желілерінің қоймаларына жеткізілген. Ел бойынша 85 мың тоннадан астам картоптың 23,6 мың тоннасы сатылса, бүгінде қорларда 62 мың тонна картоп бар екені белгілі.Количество показов: 623
Дата создания: 25.01.2025 07:32:22