Жылу құбырларының дайындығы тексерілді
Жылу сапасы жақсарып, шығын азаяды. 2013-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында біраз шаруа тындырған "Трансэнерго" АҚ-ның басшылары осыған сенімді. Бүгін табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің мамандары күрделі жөндеу жүріп жатқан аумақта болды. Жоспардың жүзеге асу барысын назарға алды. Инвестициялық бағдарлама аясында "Трансэнерго" АҚ жоспарлы жөндеу жұмыстарын шілде айында бастап кеткен. Қазіргі таңда қалаға жылу өткізетін басты магистральды құбырды алмастыру жалғасуда. Жіңішке өзені аумағындағы жылу желілері толықтай жаңартылып жатыр. "Трансэнерго" АҚ жұмысшылары диаметрі 720 мм-лік магистральды құбырды заман талабына сай түбегейлі өзгертеді. Пластикалық құбырды енді тот баспайды. Оны қаптайтын материалға ауа-райындағы құбылыс әсер етпейді, қысымға төзімді келеді. Екі жылдың жоспары енгізілген инвестициялық бағдарлама аясында іске асқан және атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына 358 млн теңге қаражат бөлінді. Келесі кезекте 247 метрлік жылу жүйесін ауыстыруға 104 млн теңге қаржы тартылмақ. Құбырды алмастырмай тек бірқатар ақауларын қалыпқа келтірудің өзіне 90 млн теңге жұмсалған. Жөндеу нысандарын аралап көрген табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің өкілдері қортынды шығаруға әлі ерте деді. Бүгін бақылаушы орган "Трансэнерго" АҚ-ның жұмысын бағалауға асыққан жоқ. Жылу маусымы жақындаған кезде нәтижесіне көз жеткізбек. Әзірше олардың мақсаты - халық төлемдерінен түскен қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау. Жауапты коммуналдық мекеме өкілдерінің есебінше, инвестициялық бағдарлама 70-80 пайызға орындалды. |
Количество показов: 2009
Дата создания: 05.09.2013 19:29:22