Шілде айы суға шомылу маусымы нақ қызған шақ. Ыстықтан бой тасалаған ақтөбеліктер карантиндік шектеулерге қарамастан жағажайлар маңын жағалап жүр. Ал жағажайлар саны қалада биыл жаңа екеуімен толықты. Сонда да тұрғындар суға түсуге қатаң тиым салынған жерлерде демалуларын қояр емес. Қала бойынша биыл 12 жағажай жұмыс жасау үшін санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінен рұқсат қағазын алған болатын. Дегенмен өңір "қызыл" аймаққа енгелі бұл нысандардың есігі қазір тарс жабық. Суға түсуге уақытша тыйым салынған. Әйткенмен сенбі, жексенбі күндері шаһар маңындағы өзен-көлдерге суға шомылуға тұрғындардың ағылатыны жасырын емес.
Биылғы маусымда қала бойынша екі жағажай ғана тегін. Қосымша ақылы 10 нысан бар. Кірпіш зауыты, Тұрғындар қалашығы аудандарында қауіпті аумақтар бар. Ақтөбеліктер біле тұра, сол жерлерде шомылуын тоқтатар емес. Кірпішті ауданындағы көпір асты, Қарғалыдағы көпір астында суға шомылуға болмайды. Бұл маңдарда сүңгуірлер рейдке шығып тұрады. Ескерту белгілерінің жартысы орнатылған.Суға түсу маусымы биыл да қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Суға шомылу маусымы басталғалы Електің бойында 1 адам құтқарылған. Ал 20 адамның ажалы судан болды. Оның төртеуі бала.
Количество показов: 616
Дата создания: 22.07.2021 18:19:34
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>