Ақтөбе гарнизонының сарбаздары ант қабылдады
Ақтөбе гарнизонының мерзімді қызмет сарбаздары әскери ант қабылдады.2024 жылғы 23 қарашада Ақтөбеде қазақ халқына алғыс айту Стеласында мерзімді қызмет сарбаздарының әскери ант қабылдауының салтанатты рәсімі өтті.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері мен командирлері және туыстарының қатысуымен 2024 жылдың күзінде шақырылған 200-ден астам жас сарбаз Отанға ад 30\238 әскери бөлімінің 200 — ден астам жас сарбаздары Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады.Ол үшін сарбаздар 1 ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Салтанатты шараға 500-ден астам қонақ қатысты.Әскери ант - бұл әскерге шақырылушы үшін ерекше әскери рәсім және маңызды сәт. Қолында қаруы бар жас жауынгерлер әскери борышын лайықты орындауға, тәуелсіздікті, Конституцияны және халықты батыл қорғауға ант етті.Кеше ғана ант қабылдаған жас сарбаз Қайрат Дарқанбаев өз еркімен әскерге аттанған, "Әр адам Отан алдынғы өз борышын өтеуі керек", деп есептейді ол. Айта кету керек, әскери борышын үздік атқарып шыққан сарбаздар үшін жоғары оқу орындарына грантқа түсуге мүмкіндік бар.Сонымен қатар іс-шараға қатысушылардың назарына әскери қызметшілердің қоян-қолтық ұрысы, қару-жарақпен саптық элементтер көрсетілді.ал болуға ант берді.Количество показов: 10
Дата создания: 26.11.2024 06:08:22