57 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
2024 жылдың 10 айында облыста АИТВ-инфекциясының 57 жағдайы тіркелді. Анықталғандардың 47-сі ер адам, 10-ы әйел адам; 56 адам АИТВ-ны жыныстық қатынас арқылы, 1 адам есірткі қолдану кезінде ине арқылы жұқтырған.Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі.Осы орайда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық АИТВ-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелерін талқылады. АИТВ Инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін, дейді мамандар. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсірейді. Бүгін жастармен кездесуде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігерлері АИТВ-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелерін талқылады.Мамандар АИТВ инфекциясын 20-39 жас аралығындағы азаматтар көбірек жұқтырады дейді. Оның ішінде ер адамдар саны көп. Биылдың өзінде облыс бойынша 57 адам АИТВ инфекциясын жұқтырып, есепке алынған. Оның 47сі ер адам болса, 10-ы әйел адам. Өкінішке қарай 56 адам АИТВ-ны жыныстық қатынас арқылы, 1 адам есірткі қолдану кезінде ине арқылы жұқтырған. Осы орайда мамандар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді.Количество показов: 355
Дата создания: 23.11.2024 07:52:29