Жыл басынан бері облыста азық-түлік бағасы 4,4 % көтерілген
2021 жылы азық-түлік бағасының шарықтауы бүкіл әлемде байқалды. Еліміздің сауда министрі биылғы мамыр айындағы бағалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% өсіп, соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін мәлімдеген болатын. Соған сәйкес облыста да тұрғындар жиі тұтынатын азық-түлік тауарларының құны шарықтады. Әсіресе, соңғы алты айда көкөністер мен ет өнімдері қымбаттап, қияр, күріш, жұмыртқа бағасы төмендеген.
Қымбат бағаны қарашаның қалтасы көтермейтіні белгілі. Амалы таусылған тұрғындар қолымыздан келетіні үнемдеу деп отыр. Ал ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, елімізде азық-түлік бағасы бір айда 1,7 пайызға көтерілген. Оның ішінде сәбіз бағасы 175 %, картоп құны 75%, күнбағыс майы 21% және қант 10%-ға қымбаттаған.
Количество показов: 639
Дата создания: 19.07.2021 18:20:21