Жыл басынан қала аумағында 61 өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан бері қала аумағында 61 өрт оқиғасы тіркелді. Жалыннан 3 адам көз жұмды. Жанған оттан 4 адам жарақат алған. Өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Өрттер әсіресе тұрғын үй секторларында жиілеген. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін сегіз бау-бақша ұжымында 815 тұрғынның қатысуымен жиындар өткен. Бүгінгі брифингте мамандар сондай-ақ энергия, газ, жылу, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін және көліктердің техникалық жарақтылығын тексеріп тұру аса маңызды екенін жеткізді. Ең бастысы газ баллондарына қай жерде газ құятынына дейін маңызды. Арнайы мекемелерге баруға ерінген тұрғындар жанар-жағар май станцияларынан әкелген баллонды қажетті температурада сақтамайтын да көрінеді. Өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды! Осылай деген мамандар мұржада жарық пайда болғаннан бастап олқылықтың орнын жою қажеттігін ескертеді. Әйтпесе биылдыққа үйінде иіс тиіп тұрғындардың ауруханаға түсу жағдайлары тіркелген.
Количество показов: 643
Дата создания: 11.03.2021 18:36:50