Жыл басталғалы 11 бала жол апатына ұшырап, екеуі көз жұмды
Қазіргі кезде жасөспірімдер тәртібін түзеу полиция тарапынан атқарылатын күрделі шаралардың бірі болды, дейді тәртіп сақшылары. Жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі бала қаза тапқан. Әртүрлі дене жарақатын алған мектеп оқушыларының саны да оннан асады. Мұғалімдер мен ата-аналар, жасөспірімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында тәртіп сақшылары балаларды төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін көтерді. Мәселелен өткен жылы кәмелеттік жасқа толмаған , жүргізуші куәлігі жоқ 168 жасөспірім полиция қолына түскен. Олардың арасында жол ережесін бұзғандар да бар.Тәртіп қатаймай, жағдай түзелмейді. Кеңейтілген отырыста сөз алған полицейлер ата-аналар тарапынан жеткіншектерді жіті қадағалап, бақылауды күшейту керектігін жеткізді. Мектептердегі ата-аналар комитеті де түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс, дейді тәртіп сақшылары.
Количество показов: 282
Дата создания: 21.02.2024 01:13:36