Жыл адамы - 2012 анықталды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жылдың үздік адамдарын марапаттады. Облыстық филармонияда өткен салтанатты шарада әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, білім, спорт және өзге де салаларда жетістіктерге жеткен азаматтарға "Парасат", 2-ші дәрежелі "Достық", "Құрмет", "Ерен еңбегі үшін" ордендері мен "Шапағат" медалі тағылды. Алты адамға пәтер берілді. Олардың арасында Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Валентина Минаева бар. Тағы бір мемлекеттік қызметкер мен ЖОО-ның оқытушысы жеңіл автокөлікке қол жеткізді. Рухани бірлікті қалыптастыруға зор үлес қосқан Амангелді Айталы бастаған 10 адам ақшалай сыйлық алды. Тағы 10 адам "Жыл адамы" атанды. Олардың арасында Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев пен Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің 4 курс студенті Айгүл Байқұлова да бар. 17 шығармашылық қызметкеріне облыс әкімінің сыйлығы табысталды. |
Количество показов: 2795
Дата создания: 13.12.2012 20:04:22