Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын түсіндірді
Бүгінгі рейд қаламыздағы хостелдерінің бірінен бастауын алды. Мұнда құтқарушылар өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталу ережелерін тексерді. Апатты жағдайлар болмас үшін, қауіпсіздік бүкіл ережелерге сай болуы тиіс.Тек жыл басынан облысымызда 469 өрт фактісі тіркелген. ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері бар екенін ескертеді.Қай жерде болмасын сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, үйде электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз. Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдалануға болмайтынын естен шығармаңыз. Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдалану қажет. Қаламызда 15 хостел, 40 жатақхана және 20 кемпинг нысаны жұмыс жасайды. 2023 жылы 90 құқықбұзушылық тіркелсе, ағымдағы жылы тіркелмеген. Әйтсе де құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде 101 және 112 құтқару нөміріне жедел қоңырау шалу керектігін айтады.Количество показов: 14
Дата создания: 22.11.2024 08:22:49