Журналистер клубындағы кезекті жүздесу
ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы Ақтөбеде бастау алды. Шараның өтуіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен облыстық әкімдік мұрындық болып отыр. Жиында елімізде болатын түрлі жайттарда халықты шынайы ақпараттандыру, пайдалы ақпарат алу, этносаралық саясатты жариялаудың тиімді әдістері талқыланды. Биыл жоспар бойынша ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы 4 өңірде өтеді. Атап айтсақ, клуб отырыстары Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жалғасын табады. Бүгін Ақтөбеде бастау алған көшпелі отырысқа Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының клуб мүшелері қатысты. Тренингке қатысқан жандарға сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, ҚХА Журналистер клубы 2009 жылы құрылған болатын.Количество показов: 280
Дата создания: 11.07.2024 08:22:14