ЖСН үшін кезекке тұрған ата-аналар босқа даурығып жүр
-
- Халыққа қызмет көрсету орталығында әлі де ұзын-сонар кезек. Көші-қон полициясы өткен жұма күні қалыптасқан шират мәселесін реттей алмай жатыр. Баласына жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін ата-аналар таңғы сағат алтыдан бері кезекте тұр. Ашуға мінген тұрғындардың айтуынша, ЖСН-ді мектептегілер сұратқан. Балабақшадағы бөбек үшін де нөмір керек. Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері халықтың дүрлікпегені жөн дейді. Аға инспектор Жанна Бөрекееваның айтуынша, балаға әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеп, төлеу үшін қажет 12 санды нөмірді осы жылдың соңына дейін асықпай алуға болады. Қалалық білім бөлімінің асығыстық танытып, халықты босқа әуре-сарсаңға салғанын облыстық әділет департаменті жетекші маманының сөзінен де аңғардық. Жеке сәйкестендіру нөмірі 293 балаға ғана шұғыл қажет. Бұл - меншігінде мүлігі бар балалар.
- ЖСН 1997-2008 жылдардың аралығында туылған балалардың туу туралы куәліктерінде жоқ. 12 санды жеке нөмір түрлі банкілік операцияларды орындау үшін қажет. Көші-қон полициясының қызметкерлері бейсенбіден бері мың жарым адамның құжатын қабылдаған. Халықтың көптігіне байланысты мамандардың жұмыс уақыты бір сағатқа, яғни, кешкі сағат сегізге дейін ұзартылды.
-
Количество показов: 2677
Дата создания: 10.09.2012 18:43:21