Облыста 58 бірлік өрт сөндіру, 28 бірлік қосалқы техника бар
Өңірде дала өртіне қарсы күрес шаралары басталып кетті. Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне осы тақырып арқау болды. Төтеншеліктер өрт сөндіру бекеттерінің саны артып келе жатқанын алға тартады. Қазір облыста 178 елді мекенді қамтитын 73 бекет иелігінде 58 бірлік өрт сөндіру және 28 бірлік қосалқы техника бар. Дегенмен, тиімді жұмыс істеу үшін қосымша 26 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасын қажет етеді.Биыл облыс орталығындағы бірқатар ауылдарға алты жаңа бекет орнатылған. Тағы алты пост ашу жоспарлануда. Жалпы, тәулік бойы 180 қызметкер және 37 ТЖД-нің автоцистернасы дайындықта болады. Жедел байланыс үшін 16 бірлік спутниктік аппарат, ал аэровизуалды бақылау үшін 4 дрон қолданылады.Облыстың орман шаруашылығы мекемелерінде жеті орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. Дегенмен, олар аздық етіп, тағы да жеті станция қажеттілік тудырады. Әзірге оның үшеуі салынып жатыр ал, төртеуі - жобалау кезеңінде. Айта кетейік, төтеншеліктер рейд жүргізу барысында өрт қауіпсіздік талаптарын бұзған 12 адамды анықтап, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Количество показов: 37
Дата создания: 02.04.2025 00:28:33