Жолсыз көше
Өздеріңіз куә болғандай түсірім барысында көк шаңның астында қалдық. Халық бұдан әбден мезі болған. Кірпішті көпірінің асфальтында таңнан кешке дейін кептеліс. Діттеген жеріне тез жетуді мақсат тұтқан көлік жүргізушілері үйлердің алдымен өте бастады. Онсыз да инфрақұрылымы ақсап тұрған жер көк шаңға батады,-дейді ашынған тұрғындар. Жүгенсіз жүргізушілерге тосқауыл болсын деп, тұрғындар жолды бетонмен бөгепті. Алайда,нәтиже жоқ. "КазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері келіп, бетонды алып тастаған. Шаң жұтып отырған жұрт биліктен асфальт сұрап жалыққан. Нәтиже болмағасын ел болып ақша жинап, қиыршық тас төсепті. Мәселен, бұл ауданда 2008 жылдан бері тұрып жатқан азаматтар бар. Тұрғындар осы уақыт аралығында көшенің бір де бір жөндеу көрмегенін айтады."Ерікті" көшесінің тұрғындары үйлерінің алдындағы жолдың проблемасын шешуді талап етеді. Күндіз-түні кептелістен одан қалса шаң-тозаңнан көз ашпауда халық. Жаңбырлы маусым болып, қар ерісе бұл жол лайға айналып, толарсақтан саз кешеміз,-дейді ашынған жұрт.
Количество показов: 302
Дата создания: 14.09.2024 10:02:28