Депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшылары, орта және жоғары оқу орындарының профессорлары мен кәсіпорын басшылары бүгін қалалық әкімдікте өткен автивке қатысты. Басты тақырып - елбасы Жолдауын қолдап, іске асыру. Еліміздің өсуі, жаңа реформалардың іске асырылуы мен дамуы үшін әр адам үлес қосуы тиіс. Қалтасында қаржысы бар кәсіпкерлер барды місе тұтып отырмай, жаңа өндіріс орнын ашуға күш салуы тиіс. Жаңа кәсіпорындар жұмыс орындарын ашып, халықты еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша дағдарыс кезінде дамудың бағдарламасы жасалды. Елбасы жолдауын талқылаған қала автивінде шаһар басшысы Бекбол Сағын кәсіпкерлерді белсенділік танытуға шақырды. Қала автивінде Мәңгілік ел идеясы туралы да айтылды. Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мәңгілік ел болу әр халықтың арманы, оған үлкен құрметпен қарау керек деп атап өтті. Оның айтуынша, имамдардың мәңгілік идеясына күмәнмен қарауы қате пікір.
Кейін қала әкімі Бекбол Сағын мемлекеттік, коммуналдық мекеме басшыларын, кәсіпорын жетекшілерін, орта және жоғары оқу орындарының оқытушыларын ел арасында елбасы жолдауын түсіндіруге шақырды.
Количество показов: 2024
Дата создания: 07.12.2015 17:54:20
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>