Танымал қайраткерлер тұрған үй құлаудың аз-ақ алдында тұр
1937 жылы пайдалануға берілген үйдің сау тамтығы қалмаған. Жаңбыр жауса шатырдан су кетеді. Қыста суық, қабырғалар шытынап тұр. Бұл үйде тұрып көрген күніміз күн емес. Жөндеуге шама жоқ. Мұнда тұратындардың жартысынан көбі зейнеткерлер. Үй құлағалы тұр,- дейді тұрғындар. Ғасырға жуық тарихы бар ескі үйде танымал қоғам қайраткерлерінің төрт бірдей мемораиалдық тақтасы ілініп тұр. Олардың қатарында Марат Оспанов, Еңбек ері Өтеміс Әкімов, Ұлы Отан соғысысының ардагері Үмбет Құсайыновтар бар. Ұлы тұлғалар тұрып кеткен үйдің қазіргі сиқы осы. Әкімдіктегілер арнайы бағдарлама арқылы үйді жөндеуге 36 млн теңге керек деген. Мұндай қаражатты жинап беруге зейнеткерлерде мүмкіндік жоқ,- дейді тұрғындар. Алтынсарин көшесіндегі 5-ші үйдің тұрғындары апатты жағдайда тұрған үй жөнделмесе, шатыр ортасына түсіп кетуі әбден мүмкін,- деп қауіптеніп отыр. Пәтер иелері тұрғын үй кооперативінің құрамынан осыдан үш жыл бұрын өз еріктерімен шығып кеткен екен. Ай сайын үй басқарушысы қорына түсетін қаражат ештеңеге жетпейді. Шатырды жөндеуге ғана 5 млн қажет,- дейді тұрғындар.Количество показов: 300
Дата создания: 18.05.2024 06:32:25