Ана-тіршіліктің бастауы
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр. Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде аталып өтеді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия мен Аустралия бар. Бұл мереке елімізде биыл алғаш рет алалып өтуде. Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады. Шалқия Бақытжанова облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрының актрисасы. Өнер әлемінде ақ жаулықты ана 50 жылдан астам еңбек етіп келеді. Жұбайы да өнер адамы. Әркез ана рөлін сомдайтын Шалқия Бақытжанова "Бір түп алма ағашы", "Махаббат мұңы", "Ана жүрегі" спектаклдері арқылы танымал. Кино әлімінде де өзіндік орнын қалыптастырды. Құрмет орденімен марапатталған, мәдениет саласының үздігі, Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері атағын иеленген. Аяулы жар, асыл ана бүгінде ақ жаулықты әже болып отыр. Айта кетейік, аналар күніне арналған мерекелік шарада аналарға құрмет көрсетіліп, ән - жыр арналды. "Ана" сөзінің маңызы кеңінен ұлықталып, сый - құрмет көрсетілді. Ақ дастархан басында жиналған аналар облыс әкімі атынан марапатталып, гүлдер табыс етілді.Количество показов: 459
Дата создания: 17.05.2024 06:19:25