Артериалды гипертония жасарып барады
Емханада белгілі бір сала маманына қаралу үшін апталап, кейде айлап кезекке тұру керек. Бүгінгі акцияның мақсаты-тұрғындарды кезексіз, алдын-ала жазылусыз қабылдау. Бірнеше маман бір мезетте қабылдап, емханаға келген адамдардың қан қысымын өлшеді. Қант диабетін анықтау мақсатында қан алды. Денсаулығында кінәрат бар науқастарға жолдама жазып,кеңестерін берді. Денсаулығына алаңдап, дәрігердің алдында келгендердің дені қариялар. Егде жастағылардың ауырмайтын жері жоқ. Басы ауырып, балтыры сыздайтындарын жеткізді. Ал Меруерт әжейдің қан қысымы нормада. Дәрігерлер зейнеткерге ақыл-кеңестерін берді. Артериялық гипертония - жүрек-қантамыр жүйесінің ең кең таралған ауруы. Оның негізгі белгісі - артериялық қан қысымының жоғары болуы. Дәрігердің айтуынша, артериялық қан қысымының жоғары болуы өлім мен мүгедектікке алып келетін инфаркт пен инсульт ауруларының факторы. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн,-дейді ақ халаттылар.Количество показов: 309
Дата создания: 18.05.2024 06:34:46