Мағажан су қоймасының бөгеті жарылды
Бесқоспа ауылының тұрғындары үрей үстінде. Кенеттен келген қызыл су халықтың зәресін қашырған. Бесқоспалықтар алдын ала ескерту болған жоқ, қауіп төнгенде ғана хабарлама келгенін айтып налиды. Нұрсұлтан Байназаровтың Бесқоспа ауылында анасы мен балалары қалған. Нәпақа табуға кеткен ауыл ауыл тұрғыны отбасы үшін иалаңдаулы. Қазір Бесқоспа ауылында эвакуациялау шаралары жүріп жатыр. Құтқарушылар мен әскерилер тікұшақпен барған. Әуелі әлжауаз топ өкілдері қауіпсіз жерге көшірілуде. Тұрғындардың зәре-құты қашқан. Табиғи апатқа моральды дайын болмадық,-деген ауыл тұрғыны жергілікті биліктен ертерек хабарлама түспегенінен қапалы. Ең болмағанда құнды заттарымызды, мал-мүлкімізді сақтаудың амалын іздестірер едік,-деген пікірде. Су астында қалғандары Бештамақ ауылына жеткізген. Бір тікұшаққа 25 адам ғана сыяды. Төтеншеліктердің айтуынша, барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріледі. Қазір су көлемі азайып келе жатыр. Аса қауіпті жағдай артта қалды ,-дейді.Количество показов: 656
Дата создания: 06.04.2024 07:54:50