Қазақстан ежелгі картада
"XV - XIX ғасырлардағы Еуропалық карталардағы Қазақстан: кеше және бүгін". Бүгін дәл осындай атаумен қаладағы №31 қазақ орта мектебінде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Заманауи зерттеулер инстутының директоры Мұхит - Ардагер Сыдықназаровтың туындыларынан құралған галерея жасақталды. 18 картина көрермен назарына ұсынылды. Оның ішінде қазақ халқының тарихы, оның картасы, көне жәдігер мұралары мен қазақы дәстүрдегі киімдері көрсетілген.Қазақ елі алпауыт мемлекет. Көне түркі бір елі. Галереяда көрсетілген белгиялық картада біздің мемлекетімізді "Cassaki" деп атаған. Тарихи карта беттерінен қазақ халқының көшпенді ел болғанын да көруге болады.Галереяға облыс мемлекеттерінен келген 50 - ден астам тарих және география пәнінің мұғалімдері қатысты. Шара педагогтарды ғылыми ізденіске баулу мақсатында ұйымдастырылған.Количество показов: 466
Дата создания: 18.05.2024 06:37:25