Жолдардың сапасы басты назарда
Сапасыз жол шаһарымыздың жыры. Ақтөбе жолдары шұрық-тесік. Мұндағы жүргізушілермен сөйлесе қалсаңыз, әуелгі әңгімені жолдың жырынан бастайды.Жыл сайын өңірде жол құрылысы жүзеге асырылады. "Жол активтері Ұлттық сапа орталығы" салынып жатқан жолдардың сапасын тексеруге шықты. Мердігерлермен кездесіп, тиісті сараптау жұмыстарын жүргізбек.Кірпішті, Ақжар, Жилянка айналма жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір жұмыстың 70% аяқталған. Қалғаны жылдың соңына дейін бітуі тиіс. Жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын жолдың, енді 2 шақырымы қалып тұр,- дейді мердігер. Жол жөндеу жұмыстарына 50-60 техника мен 70 тен аса жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарына бақылау күшейді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары құрылысы жүріп жатқан жолдарға рейдке шығып, тексеріп жатыр. Асфальттың 100-ден астам бөлігі тексерілген Нәтижесінде, 13 жол бөлігінің талапқа сай келмейтіндігі анықталды. Енді олқылықты мердігер қалпына келтіруі тиіс. Ал, бүгін Кірпішті, Ақжар және Қарғалы елді мекендерін қосатын 9 шақырымдық жол тексерілді. Мердігер мекеме екі жолақты жолды төрт жолақты етіп кеңейтіп жатыр. Аталған учаскелердегі жөндеу және қайта құру жұмыстарына бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін бұл жолдарға жарық бағаналары мен 28 жабық аялдама қойылу жоспарда бар.
Количество показов: 287
Дата создания: 14.06.2024 07:58:11