Жолдар жыры бітеді ме?
Биыл айнадай тегіс боп төселіп, келер жылы адам көргісіз күйге түсетін жолдар жолаушыны қажытқаны рас. Ал жол жақсы болса, жолаушы мен темір тұлпарға алыс қашықтықтың өзі бұйым болмас еді. Жергілікті билік қолға алып отырған қазіргі міндет те осы- қаладағы тозығы жеткен жолдарды қалпына келтіру.Қазір шаһарымызда 15 көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бірі- ескі қаладағы Алтынсарин көшесі. Жалпы ұзындығы 1 278 метр. Жауапты компания “Атырауинжстрой АИС” серіктестігі. Мердігер жолдың сапасы жоғары әрі ұзаққа шыдас береді,-деп сендіруде.Алтынсарин көшесінің сиқы адам көргісіз болатын. Әр метрінде ойық-шұңқыр. Көлік жүргізушілерінің бас ауруына айналған бұл учаске алдағы уақытта адам танымайтындай қалыпқа келеді,-деп отыр мердігер. Әйтсе де, ақтөбеліктер бұған иланар емес. Жөнделген Ақтөбе жолдарының ғұмыры қысқа ,-деген пікірде.
Бұл жолдың бірінші қабатына ірі түйіршікті асфальтбетон жамылғысы, ал үстіңгі қабатына қиыршық тасты мастикалық асфальт бетон жамылғысы төселмек. Жол мен қоса суағарлар мен арықтар қарастырылған. Жиектастар да салынбақ. Құрылыс жұмыстары 10 күн бұрын басталыпты. Бөлінген қаражат та жеткілікті. Егер ауа райы қолайлы, жаңбырсыз болса тамыз айының басына тапсырамыз,-деп уәде беріп отыр мердігер.
Количество показов: 268
Дата создания: 24.07.2024 05:49:07