"Жолдағы қабылдау" акциясы өтіп жатыр
Сонымен қатар, тұрғындар полиция департаментінің Policeaktobe инстаграм парақшасында тікелей эфир барысында сұрақтар қоя алады. Сондай-ақ, 8 (7132) 936 - 139 жедел желі нөміріне хабарласуға болады. Айта кетейік, Армениядан әкелінген автокөліктерді 1-ші қыркүйекке дейін тіркеу керек. Бірнеше ай бұрын ескертіліп, айтылса да, асықпайтындар аз емес. Қазір қалада Армениядан әкелінген 400-ге жуық көлік тіркелмеген. Өкінішке орай, мұндай зертханалар Алматы мен Қостанайда бар және бүгін Орал қаласында ашылды. Басқару құралы оң жақтан сол жаққа ауыстырылған автокөліктерді тіркеу 1-ші қарашаға дейін ұзартылды. Ал уақытында есепке алынбаған көлік иелеріне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, көліктері айып тұрағына қойылады.
Количество показов: 713
Дата создания: 26.08.2020 19:27:33