Жолаушылар автобустары тексеріліп жатыр
Жолаушы үшін жауаптымыз. Бүгін жол сақшылары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып рейдке шықты. Қала арасында жолаушылар таситын автобустарды тексерді. Апта басында Астана-Қарағанды тас жолында болған ірі апат бәрімізге сабақ болуы тиіс дейді ақтөбелік жол полицейлері. Дүйсенбі күні Ақмола облысында жол апатынынан 16 адам қаза тапқан болатын. Суыт хабардан соң жол сақшылары жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді қатаң бақылауына алды. Бүгін рейдке шыққан жол полициясы басқармасының қызметкерлері шараны Ақтөбе-Алға тас жолымен жүйткіген автобустарды тексеруден бастады. Жүргізушінің денсаулық жағдайы, сапарға шықпас бұрын медициналық тексеруден өтті ме, автобус салонындағы жолаушылар шамадан тыс емес пе, көліктің техникалық ахуалы қандай, жолаушылар тасымалдауға рұқсат қағазы бар ма? Жол сақшылары мен көлік инспекциясы мамандары рейд барысында осыны тексерді. Бір қуаныштысы - жыл басынан бері облыс аумағында ірі автобус апаты тіркелмепті. Мұндай жедел алдын алу шаралары алдағы уақытта жалғасатын болады. |
Количество показов: 2733
Дата создания: 22.08.2012 21:22:33