Жол полициясы басқармасында арыз-шағым жәшігі орнатылды
Бүгін облыстық жол полициясы басқармасында арыз-шағым жәшігі орнатылды. Мекемеге мәселесімен келіп, келеңсіздікке тап болған, сыбайлас жемқорлықтың куәсі болған тұрғын бұл жәшікке хат қалдыра алады. Тек арыз-шағым емес, ұсыныс, талап, тілектер де қабылданады. Жәшікті орнатқан "Нұр Отан" партиясы. Билік партиясы "Қылмысқа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі STOP қылмыс" республикалық қоғамдық іс-шарасы негізінде құқық қорғау органдарында биыл партиялық бақылау бекеттерін ашуды көздеген. Әр партиялық бекетке жетекшілер және комиссия мүшелері бекітіледі. Арыз-шағым жәшіктері апта сайын тексеріліп, хаттарға жол полициясы басқармасы басшылығымен бірлесе отырып, жауап беріледі. |
Количество показов: 3335
Дата создания: 19.04.2013 20:30:06