Жол инспекторлары ұзақ сапарға шыққан жүргізушілерді мерекемен құттықтады
Айбат Орын құқыққорғау саласында ұзақ жылдан бері еңбек етеді. Әріптестері оны "тас жолдың иесі" деп атайды. Өйткені полиция қызметкері бұл жолдардың қыр-сырын бес саусағындай біледі. Бүгін күнделікті жұмысына Аяз атаның кейпінде мерекелік көңіл-күймен кіріскен ол жүргізушілерді қуантты. Ақ тілегін арнап, жолда сақ болуларын ескертті.
Аяз атаның қоржынынан жол ережесі жазылған парақтар шықты. Бұл ақпараттық жадынама ұзақ жолдарда жүретін жүргізушілерге арналған. Қай жерде тоқтауға, демалуға болатыны, жақын орналасқан кемпинг мекен-жайлары топтастырылған. Аяз ата ұсынған парақшаларға жүргізушілер риза болды. Ақтөбе-Хромтау тас жолында өтіп жатқан акция ертең де жалғасады. Шамамен мыңға жуық ақпарат парақшаларын тарату жоспарланған.
Количество показов: 1003
Дата создания: 30.12.2020 18:13:03