Жол апатында зардап шеккен мектеп директорларының жағдайы тұрақты ауыр
Жантүршігерлік жол апаты өткен сенбі күні Қобда-Ойыл автожолының 156 шақырымында болған. Жол талғамайтын "Toyota Land Cruiser" көлігінде төрт мектеп директоры отырған. Таратылған алдын-ала мәліметте, көліктің тегіс жолда аударылғаны айтылады. Әрі ақ джип жүргізушісі жол ережесін бұзған деген ақпарат та бар. Салдарынан №33 мектептің директоры Альмира Орақова мен №20 мектептің директоры Бағдат Орынбаева оқиға орнында қаза тапқан. Екі жолаушы- №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова мен Жаңақоныс орта мектебінің басшысы Ақгүл Қисықова жарақат алып, Ойыл аудандық орталық ауруханасында жатыр. 45 жастан асқан қос мектеп директорларының бірінің миы зақымдалып, самай сүйегі, қабырғасы мен бұғанасы сынған. Екінші әйелдің миы шайқалып, бұғанасы сынған. Екеуі де қалаға санавиациямен жеткізілуі тиіс. Мектеп директорлары Ойыл ауданындағы қасиетті жерлерді аралап келуге кеткен. Қайтар кезде жол апаты болған. Бағдат Орынбаеваның артында 20 және 6 жастағы екі қызы қалды. Альмира Орақова тұрмысқа шықпаған, ағасымен және әкесімен тұрған.
Количество показов: 596
Дата создания: 21.06.2021 19:31:21