Жол апаты көбейді
"Қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен түйісті", "Алдындағы көлікті басып озамын деп, апатқа ұшырады". Жаңалықтар хроникасында күнде кездесетін ақпарат. Оған бірнеше себепті алға тартуға болады. Бірақ ең негізгі себебі жүргізуші куәлігін сатып алу, жол жүру ережесіне деген салғырттық, қайда апарары белгісіз жылдамдық болып отыр. Бұған кейбір жолдардың сапасыздығын қосыңыз.Әсіресе Самара-Шымкент тас жолында апат азаяр емес. Апта сайын кісі қаза табады. Жақында бұл күре жолда екі көлік түйісіп 8 адам көз жұмды. Жантүршігерлік апаттан қаза тапқандардың бесеуі бала. Ақтөбелік тәртіп сақшылары дәл осы жолды қатаң бақылауға алмақ. "Жолдағы қабылдау" акциясын Самара-Шымкент тас жолының бойында өткізді. Қарабұтақ маңында орналасқан жерде жүргізушілерді тоқтатып тексерді, ережелерді еске салды. Самара-Шымкент тас жолымен тәулігіне 16 мыңнан астам көлік өтеді. Халықаралық маңызға ие трассаны халық "Ажалды жол" деп атап кетті. Жыл басынан бері мұнда 31 адам қаза тапты, 101 адам жарақат алған. "Жолдағы қабылдау" акциясы барысында полицейлер жүргізушілерге үнпарақтар таратып, жолда жүру қағидаларын еске салды.
Количество показов: 312
Дата создания: 15.08.2024 07:54:40