Жоғары сұрыпты бидай қымбаттады
Қияр мен қызанақ қайтадан жеңсік асқа айналды. Жаз бойы қолжетімді бағамен сатылған көкөніс түрі өткен айдан бастап қымбаттады. Сәбіз, картоп, қызылшаның бағасы әзірге тұрақты. Жоғары сұрыпты бидай ұнының бағасы 21 пайызға шарықтап кетті. Жергілікті әкімдік пен Жаңа Әлжан диірмен комбинаты, "Рамазан" ЖШС-мен арада жасалған меморандум нәтижесінде бірінші сұрыпты ұнның супермаркеттердегі бағасы 46 теңгеден аспайды.
Тұтыну тауарының құны облыста қазан айынан бастап қымбаттай түскен. Жалпы өсім 1 пайызды құрады. Соның ішінде жоғары сұрыпты бидай ұны 21 пайызға шарықтап шыға келді. Бағаға биылғы қуаңшылықтың әсері болғаны рас. Жарма да биыл бітік шықпағанға ұқсайды. Қалыптасқан тапшылықтан жарма түрі 3,7 пайызға қымбаттады. Оның ішінде қарақұмық пен арпа жармасының бағасы өсті. Ал ет, сүт, жұмыртқада маусымдық баға өзгерісі байқалады. Алдымыз қыс. Көкөністер де қымбаттай түседі енді. Бағбандардың қоры таусылуға жақын. Базарда сатылып тұрған жылыжайдың қияры мен қызанағы. Сәйкесінше бағасы да қымбат. Картоп, қызылша, сәбіз бағасы әзірге тұрақты. Халық ең көп тұтынатын азық-түлік тауарының бірі қант. Қант құны қазан айынан бері 3,6 пайызға түскен. Сондай-ақ бірінші сұрыпты ұнға баға өзгермейді. Себебі жергілікті әкімдік жаңа Әлжан диірмен комбинаты, "Рамазан" ЖШС-мен меморандум жасасқан. Супермаркеттерде бірінші сұрыпты ұн бағасы келісіне 46 теңгеден аспайды.
|
Количество показов: 2821
Дата создания: 15.11.2012 18:56:18